Атырау, 28 қараша 17:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Саакашвили 19 қыркүйекте Киевке бармақ

2 283 просмотра

Фото: ВВС

Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили 19 қыркүйекте Киевке бармақ. 13 қыркүйекте Украинаның оңтүстік-батысындағы Черновцы қаласында жақтастарының алдында сөйлеген Саакашвили Киевке барғанға дейін елдің басқа да қалаларына бармақ ниетте екенін мәлімдеді.

Саакашвили Украинаға "саяси дағдарыстың алдын алуына" көмектескісі келетінін айтты. Саясаткер 10 қыркүйекте жүздеген жақтасының қолдауымен украин полициясы мен шекарашыларының тосқауылына қарамастан Польша шекарасынан Украинаға өткен.

12 қыркүйекте Украина билігі Саакашвилиді Львов облыстық сотына шақырған. 18 қыркүйекте мұнда оның Украина территориясына заңсыз кіруіне қатысты іс бойынша сот тыңдауы болады.

Шілденің соңында Украина президенті Петр Порошенко Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді "Грузияда қылмыстық қудалауда жүргенін уақтында айтпағаны үшін" Украина азаматтығынан айырған.

Грузияда Саакашвилиге бірқатар қылмыс жасады деп айып тағылған. Тбилиси Киевтен Саакашвилиді тұтқындап, қайтаруды талап етеді.

Дереккөз: Азаттық

14 қыркүйек 2017, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.