Атырау, 27 қараша 03:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Музейде көрме өтуде

3 170 просмотра

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде атыраулық cуретшілер мен қолөнершілердің «Шырайлы Атырауым» тақырыбында көрмесі өтіп жатыр. 

Көзге түскен ерекше экспонаттардың бірі - қобыз болды. Авторы Кеңес АЙЫПҚАЛИЕВ біршама уақытын сарп етіп жасаған бұл қобызды ЭКСПО-2017 көрмесіне апарған. Сонымен қатар, дизайнер Маржан МАРШАЛЛДЫҢ тіккен киімдері қызығушылық тудырды. Ал Мейірбек ЖАҒЫПАШЕВ гипстен бекіре балықтарын бейнелеген.

- Өзімнің туындыларыммен Италия, Испания елдерінде болып, Леонардо да Винчи атындағы өнер академиясында тәжірибе алмастым, - дейді М.Жағыпашев.  

Ол Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясында сабақ береді, ал оның шәкірттері әр түрлі деңгейдегі байқау-фестивальдарда жүлделі орындар алып жүр.  

- Көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз - жергілікті қолөнершілерді қара шаңыраққа жинау. Және туындыларын халыққа насихаттау, - Жәнібек АМАНИЯЗОВ, музей басшысының орынбасары. – Осы көрмеде қойылған экспонаттардың барлығы да ЭКСПО-да қойылып, көптің көңілінен шыққан.  Біз оларға өз туындыларын тегін қоюға мүмкіндік беріп отырмыз. Жергілікті қолөнершілерді қолдау жалғаса бермек.

Фархат ӘБІЛОВ Суретті түсірген автор

14 қыркүйек 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.