Атырау, 27 қараша 03:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Рысқалиев қайтадан әкім болды

20 439 просмотра


Бүгін, 13 қыркүйекте Атырау облысы әкімі Нұрлан НОҒАЕВ аудандық мәслихат депутаттарына Махамбет ауданының жаңа әкімі Сырым РЫСҚАЛИЕВТІ таныстырды. Ол тамызда Жылыой ауданының әкімі болып тағайындалған Әлимұхаммед Құттымұратұлының орнына келді.

Сырым Рысқалиев мемлекеттік қызметте 1993 жылдан бері еңбек етеді. 2007 жылы Атырау облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ауыл шаруашылығындағы мансабының арасында облыс әкімі аппаратының жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары, Мақат, Қызылқоға аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынды

13 қыркүйек 2017, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.