Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Владимир Путиннің тапсырмасымен Сүрия басшысы Башар Астадпен кездесті.
РФ қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Сергей Шойгу қыркүйектің 12 күні Сүрия астанасы Дамаск қаласында Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша Башар Асадпен кездескен. Кездесу барысында қос тарап екі ел арасындағы әскери-техникалық әріптестікті дамыту мен Сүрия тұрақтылығы жайында әңгіме қозғаған.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясы осы уақытқа дейін Башар Асад билігін қолдап келеді. Мәскеу ресми Дамаскіні 2014 жылдан бері қару-жарақпен қамтамасыз етіп, елдің әуе қорғанысын бақылауда ұстап отыр.
Дереккөз: qazaqtimes.com