Атырау, 27 қараша 03:37
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жұмыстан екі рет бас тартса, есептен шығарылады

2 389 просмотра
Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды.


Егер жұмыссыз өзіне мамандығы бойынша ұсынылған жұмыстан екі рет бас тартса, онда оны ресми мәртебеден айырады. Бұл туралы брифингте Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балдай ӨТЕҒАЛИЕВА хабарлады.

«АЖ» сауалдарына жауап бере отырып ол жұмыссыз ретінде тіркеу рәсімі Авангардтағы қалалық жұмыспен қамту орталығында жүргізілетінін атап өтті. Тіркелу үшін үміткер он күннің ішінде үш рет орталыққа белгіленуі үшін келуі керек. Сол уақытта оған бос жұмыс орындары іздестіріледі. Егер қолайлы ештеңе табылмаса, онда оны есепке қояды. Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына түсетін аударымдары барлар үшін жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тиесілі – оның көлемі бұрын алып жүрген жалақысының көлеміне байланысты болады. Жәрдемақы төрт айға дейін төленеді.   

Ал жұмыссыз адамға қайта оқыту, өз ісін ашуға несие алу немесе әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарына бару ұсынылады. Мамандығы бойынша ұсынылған жұмыстан екінші рет бас тартса, оны автоматты түрде жұмыссыз мәртебесінен айырады. Десек те, ол бір айдан соң қайтадан жұмыспен қамту орталығында тіркеле алады және оны міндетті түрде есепке қоюға міндетті. Әрине, жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақыны ол енді ала алмайды.

Мекемеге жолдама алған жұмыссыздар онда бос жұмыс орындары жоқ деген жауапты жиі алып жатады. Олай болса, егер олар жұмысқа орналастыруға кепіл болмаса, бұл жолдамалар неге қажет? – деп шамданады олар. 

Жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы үш күн ішінде есеп беруге міндетті. Бірақ олар өздері де жұмыспен қамту орталығына қарайламай қызметкерлерді жұмысқа ала алады. Бұл заңмен тыйым салынбаған. Олар тек жолдамаға үміткерге не себеппен жұмысқа орналастырудан бас тартылғаны жөнінде көрсету керек, – дейді Б. Өтеғалиева.

Осы жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығының есебінде 9 302 адам болған. 1 қыркүйекте олардың 4 824-і тұрақты жұмысқа орналасып, 857-і оқуға, қайта оқуға және біліктілігін арттыру курсына, 1 004-і  қоғамдық жұмыс орындарына, 395-і жастар тәжірибесіне, 308-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. Қазіргі уақытта Атырауда ресми түрде 3 176 жұмысссыз қайта тіркелген.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

13 қыркүйек 2017, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.