Атырау, 21 мамыр 06:41
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Львовта Саакашвили түскен қонақүйге полиция барды

1 397 просмотра

Михаил Саакашвили "Леополис" қонақүйінің алдында тұр. Львов, Украина, 12 қыркүйек 2017 жыл.

Украина шекарашылары мен полицейлері сейсенбіде Львовта Одесса облысының бұрынғы губернаторы, Украина азаматтығынан айырылған Михаил Саакашвили түскен "Леополис" қонақүйіне барды. "Жаңа күштер қозғалысы" саяси кеңесінің мүшесі Иван Слободняктің Facebook-те жазуынша, полицейлер Саакашвилиге Украинаның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені туралы хаттама бергісі келеді.

Шекарашылармен және полицейлермен Саакашвилидің адвокаттары жолыққан. Бірақ құқық қорғау қызметкерлері құжатты саясаткердің өзіне жеке бергісі келетінін мәлімдеген. "Украинская правда" сайтының хабарлауынша, қонақүй маңына біраз журналист жиналып қалған.

Саакашвилидің серігі Давид Сакварелидзе Facebook-те Украинада Саакашвилидің шекарадан өтуіне көмектескен жақтастарын тұтқындау басталғанын хабарлады. Оның мйліметінше, Черкасс және Ивано-Франковскіден шыққан белсенділер қамалған. Сакварелидзе Саакашвили мен оның жақтастарын қорғау үшін Львовтың барлық тұрғынын "Леополис" қонақүйіне жиналуға шақырды.

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Украина азаматтығынан шілдеде айырылған. 10 қыркүйекте ол жақтастарының қолдауымен Польшадан Украина территориясына күшпен қткен. Әуелде ол шекарадан пойызбен өтпек болған. Бірақ оған украин билігі рұқсат бермеген.

Украина ішкі істер министрлігі шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Министрлік сонымен қатар Саакашвилидің жақтастары жанжал шығарып, одан 11 полиция қызметкері зардап шеккенін айтады.

Дереккөз: Азаттық

12 қыркүйек 2017, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.