Атырау, 27 қараша 03:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бригадир қалай қаза болды?

1 955 просмотра


Бұған дейін хабарланғандай, 2 тамыз күні Индербор поселкесінде кәріз желісін тарту барысында қазылған ордың опырылып түсуінен еншілес мердігер компанияның 28 жастағы жұмысшысы қаза болса, ал оның бірі - 42 және 30 жастағы екі жолдасын құтқарып қалу мүмкін болды. Мердігер «Таразсәулет» ЖШС. Бүгінгі таңда ЖШС TSG Constraction деп аталады.

Директор Ерлан АТКИЕВТІҢ айтуынша, серіктестік атауы осыдан бір ай бұрын ғана өзгертілген екен.

– Біздің компанияда техника қауіпсіздігі қатаң сақталады. Индерборда жұмыс 6-7 метр тереңдікте жүргізілуде, сондықтан да қауіпсіздік үшін жұмысшылар зонд ішінде жұмыс жасайды, ол швеллермен қапталған металл қорап. Біздің еншілес мердігеріміз «ЖК Қалауғалиев»  жұмысқа поселкенің орталық алаңындағы учаскеде қосылған болатын, сол кезде жұмысшылар 1,8-2 метр тереңдікке зондсыз түскен. Соның салдарынан бақытсыздық жағдай орын алды. Ажал құшқан жігіттің өзі бригадир болған және осы Индербор поселкесінде тұрады, - дейді қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берген директор. – Біз бұл жағдайдың еншілес мердігер фирмада орын алғандығымен санасып жатпадық, жігіттің жаназасына көмектесіп, отбасына 3 млн теңге төледік. Алдағы уақытта да қаза болған жұмысшының отбасына көмектесетін боламыз. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қыркүйек 2017, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.