Америкалық SpaceX жекеменшік компаниясы тұңғыш рет АҚШ әскери әуе күштерінің құпия мақсаттағы орбиталық X-37В ұшқышсыз ұшағын ғарышқа шығарды, деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат көзі.
SpaceX компаниясына тиесілі Falcon-9 зымыран тасмалдағышы қыркүйектің 7-сі күні АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан ғарыш айлағынан Х-37В ұшағын алып жер орбитасына сәтті жеткізген. Осыған байланысты АҚШ әскери әуе күштерінің баспасөз қызметі Х-37В ұшағының ғарышта қандай жұмыстар атқаратыны әскери құпия екенін айтқан. Бейресми мәліметтер бойынша, Х-37В ұшағы ғарышқа жүк тасмалдауға немесе барлау қызметін атқару үшін ұшырылған.
Дереккөз: qazaqtimes.com