Атырау, 28 қараша 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мьянма басшысынан Нобель сыйлығын қайтарып алу ұсынылды

1 832 просмотра

Фото: The New York Times


Мьянманың көшбасшысы, Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чийге қарсы наразылық өршіп келеді. Көршілес және алыс құрлықтағы көптеген елдер оның тез арада ортаға шығып, неше он мыңдаған мұсылмандардың Бангладешке қашып кетуіне түрткі болған әскери операцияларды тоқтатуын сұрады. 

Бұл туралы “The New York Times” басылымының таңғы жаңалықтар топтамасында хабарланды. 

Аун Сан Су Чиймен бірдей Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегері Малала Юсуфзай өзінің Twitter парақшасында одан мұсылмандарға бағытталған қырғынды тез арада тоқтатуын сұрады. Ал кейбір, аталған сыйлықтың иегерлері Нобель комитетіне Мьянма көшбасшысының үстінен шағым түсіретінін немесе сыйлықты қайтарып алуын талап ететінін білдірген. Аустралия, Индонезия және Үндістан Рохинджа мұсылмандарына қолдау көрсету үшін демонстрациялар ұйымдастырып, Аун Сан Су Чийдің суретін жұртшылық алдында өртеді.

Дереккөз: qazaqtimes.com


5 қыркүйек 2017, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.