2 тамызда Индер ауданының Индербор поселкесінде адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиға орын алды деп хабарлайды ТЖД.
«Таразсәулет» мердігер фирмасының монтаждаушылар бригадасы аудан орталығындағы көшелердің бірінде жерасты кәріз құбырларын салумен айналысып жатқан. Кенеттен терең ор опырылып құлап, үш жұмысшы топырақ астында қалған. 42 және 30 жастағы екі жұмысшы аман қалып, 28 жастағы біреуі көз жұмды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ