Атырау, 27 қараша 03:24
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Енді автомектепте оқу міндетті емес

5 472 просмотра

Туу туралы, қайтыс болу туралы, некені бұзу туралы куәлікті енді үш сағаттың ішінде алуға болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының міндетін атқарушы Ербол СЕРҒАЗИЕВ брифингте хабарлады.

Оның айтуынша, осы мерзім ішінде департаментке қарасты үш қалалық және жеті аудандық бөлімдер арқылы 745 828 қызмет көрсетілген. ХҚКО-ға баруға уақыты жоқ жандар үшін «Сіздің дербес менеджеріңіз» пилоттық жобасы іске қосылған.

- Мұндай қызмет түрі Баймұханов 16А мекенжайындағы қалалық №2 бөлімде көрсетіледі және онда біздің екі қызметкер бекітілген. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адам түрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ақылы түрде ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады.

Ақылы қызмет «Қазпочта» АҚ арқылы дайын болған құжатты өтініш берушінің көрсеткен мекенжайына почта курьерінің жеткізіп беруі арқылы да жүзеге асады. Күні бүгінге дейін 230 азаматтың осындай өтініштері қанағаттандырылған. Алайда, бір ескеретіні, бұл қызметтің жеке куәлік пен төлқұжатқа құзыры жүрмейді.

Ол сондай-ақ, қаламызда салынып жатқан мамандандырылған ХҚКО туралы айтып өтті:

- Ол жерде біздің қызметкерлер, Ішкі істер департаментінің

жол полиция қызметкерлері, Мемлекеттік кірістер басқармасы, медиктер мен кассирлер отырады. Ал мамандандырылған ХҚКО қызметін бастағанда, көліктерін тіркеуден өткізетін не жүргізушілік куәлігін алатын азаматтарға көрсетілетін қызмет уақыты қысқарып, 2 сағаттың ішінде атқарылады. Жаңа ғимараттың құрылысы келер жылдың наурыз айында бітеді.

- Ал орталық ашылған кезде автомектептен алған куәлік қаншалықты пайдаға асады? 

- Мамандандырылған ХҚКО пайдалануға берілген кезде автомектептерде оқып, куәлік алуға енді талап қойылмайды, яғни ол міндеттелмейді. Себебі, жаңадан ашылатын орталықта автодром болады. Онда жүргізуші куәлігін алғысы келгендер әр түрлі категорияға сай емтихандар тапсырады. Ал «өзім үшін үйренем» дегендер автомектепте де курс оқып, жүргізуші куәлігін ала алады.

- ХҚКО-да қазіргі уақытта адам көп, мамандарыңыз үлгеріп жатыр ма?

- Иә, қазір жаңа оқу жылы алдында ата-аналар тұрақты мекенжайы бойынша тіркеуге отыруға және мекенжайы бойынша балаларына анықтама алып беруге ХҚКО-на көп келіп жатыр. Негізі, бұл республика бойынша болып жатқан ахуал.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті түсірген автор

31 тамыз 2017, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.