Атырау, 27 қараша 05:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жаңа прокурор Тараздан келді

3 670 просмотра


Бүгін, 28 тамызда облыстық әкімдіктегі отырыстардың бірінде Атырау облысының жаңа прокуроры Ернат СЫБАНҚҰЛОВ таныстырылады.

Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВТЫҢ облыс прокуроры ретіндегі бес жылдық өкілеттік мерзімі аяқталды. Оның әріптесі Сыбанқұлов 44 жаста, Алматы облысының тумасы. Бұдан бұрын Жамбыл облысында прокурор болған.

Өткен жылы Сыбанқұловтың есімі Ми-2 коммерциялық тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты туындаған жанжал бойынша БАҚ беттерінде жиі бой көрсеткен болатын. 2016 жылдың аяғында жеке тікұшақ құлап, ұшқышы Валерий МИХИН денесінің көп бөлігін күйік алған еді. Алдымен ол тікұшақта жалғыз өзі болғанын айтқан. Алайда, ол кейін 5 ақпанда Тараз ауруханасының күйік аурулары бөлімінде көз жұмды. Ал баспасөз бетінде қырсық шалған тікұшақта онымен бірге тағы үш адамның, соның ішінде Сыбанқұловтың болғаны туралы материалдар жарияланды. Журналистер вип-тұлғалардың (айта кету керек, ІІМ тағы екі жолаушының есімдерін ақыры хабарлаған жоқ) тыйым салынған аңшылыққа шыққандығын растады. Алайда ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметі: «Аңшылық болған жоқ, сол жерді тексеру кезінде жануарлардың еті табылмады» деп, мұны жоққа шығарды.

Бас прокуратураның Тоғызбаевты кім ретінде қайда жіберетіні әзірге хабарланған жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 тамыз 2017, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.