Қала тұрғындары редакциямызға қоңырау шалып, соңғы күндері ауадағы жағымсыз бензин иісіне шағымдануда.
Олардың айтуы бойынша біз де 22 және 23 тамыз күндері Депо, Дамбы, Теңдік, Жилгородок, Балықшы, Ракуша елді мекендеріндегі тұрғын үй массивтерін аралап көрдік. Иә, жағымсыз иіс бізге де сезілді. Осы жағдайға қатысты экология департаментінің өкілі Қабижан ҚАПАНОВ былай деді:
- Жел оңтүстіктен соғып тұрғандықтан, иіс сол жақтан келіп тұр. 22 тамызда біз жұмысшы тобын құрып, қазір бұрынғы химия зауыты орналасқан ауданды тексеріп жатырмыз. Онда цистерналар қозғалысы бар, сондай-ақ, АМӨЗ-ді тексереміз. Бұл мәселе Атырау облысы әкімдігі мен біздің министрліктің қадағалауында.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор