Атырау, 2 мамыр 20:36
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ресей: Сирияда азамат соғысы аяқталды

2 644 просмотра


Сириядағы азамат соғысы аяқталды, деп мәлімдеді Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу «Армия-2017» әскери-техникалық форумында. 

Форум аясында Ливан қорғаныс министрі Якуб Ас-Саррафпен кездескен Сергей Шойгу: «Сирия аумағындағы азамат соғысының тоқтатылуы ел аумағындағы оппозиция өкілдеріне әскери көмек беру мен деэскалация аудандарын құрғанның нәтижесі. Сіздерде, біздерде жақсы түсінеміз террористердің бір елден, екінші елге өтіп жүруі ұзаққа бармауы тиіс. Бұны біздің батыстағы әріптестерімізде түсінсе екен дейміз. Олар оппозиция өкілдерінен бастап, террористерге дейін көмек көрсетулерін тоқтатуы керек» - деген. Бұған дейін Сирия басшысы Башар Асад елде өз билігінің сақталып қалуын Ресей мен Ирактың қолауының арқасында деген болатын. Ал АҚШ Сирия аумағында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының толықтай көзі жойылғаннан кейін елден өз әскерін шығаратынын айтқан еді.  

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

 

24 тамыз 2017, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.