Испания Барселонадағы теракт лаңкестер сот Испанияда Барселонадағы терактіні ұйымдастыруға қатысқан 4 лаңкес сотта жауап беріп, Мұхаммед Шемляль мен Дрисс Оукабирге ресми түрде айып тағылды.
Ал Сахаль әл-Карибтің қамаудағы уақыты тағы 72 сағатқа созылып, көлік иесі Мұхаммед Ааля кепілдікпен босатылды. Сотталушылар болса, мұндай әрекетке жергілікті мешіт имамының азғыруымен барғанын және шаһар алаңындағы лаңкестіктен де ірі теракт ұйымдастыруды жоспарлағанын айтқан. Айта кетейік, өткен бейсенбі күні Барселонаның орталығындағы алаңда көлік жүргіншілерді қағып, 15 адам қаза тапқан еді. 130-ы жараланды. Ал күдікті із суытқан. Бірнеше сағаттан соң Камбрильс қаласында да лаңкестер теракт ұйымдастырмақ болады. Алайда полиция көліктің жолын бөгеп, атыс кезінде 5 лаңкестің көзін жойды. Қос терактіден кейін тергеу барысында шабуылддарды 12 адамнан құралған топ ұйымдастырғаны анықталды.
Дереккөз: 24.kz