Мексикамен шекаралас жерде қабырға соғу туралы жеке тілегін орындау үшін Трамп ең соңғы амалдарға баруға, тіпті ол басты атқарушы орган Конгрессті де таратып жіберуге дайын. Бұл туралы Росбалт хабарлады.
Сейсенбі күні президент конгрессмендерге үзілді-кесілді талап қойды - не қабырғаның соғылуына қаражат бөлуді қарастыру немесе тікелей текетіреске барып «жаппай жұмыстан шығаруға» соқтыру. «Бүгін мен конгресске хабарламағым келеді: сіздердің жұмыстарыңыз америкалық отбасылардың, халықтың, жұмысшылардың мүддесін ойлау. Бұл сіздердің жұмыстарыңыз», - деді Трамп Аризона штатындағы Финикс қаласындағы жұртшылықпен кездесуінде. Сондай-ақ Трамп, 2013 жылы конгресс пен екі партияның танымалдылығы күрт құлдырағанда федералдық органдардың басшылығы жұмысын тоқтатқандығын еске салып өтті.
Дереккөз: inform.kz