Атырау, 27 қараша 05:45
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жұмысшылар наразы болғанда

2 713 просмотра


Жыл басынан бері өндірісте 31 бақытсыздық жағдайы тіркелді, оның 7-уі өліммен аяқталған. Бұл цифрларды брифингте Атырау облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ келтірді.

Атап айтар болсақ, құрылыста 6 адам  жоғарыдан құлаған, оның 5-уі ауыр жарақат алса, бір адам ажал құшқан.

- Жұмыс беруші  орын алған төтенше жағдайлар жөнінде 24 сағаттың ішінде бізге  хабарлауы тиіс, өйтпеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жасыратыны жоқ, біздегі жұмыс берушілер көп жағдайда бақытсыздық оқиғаны жасырып қалуға тырысады. Бірақ, біз дәрігерлермен  бірлесе жұмыс жасағандықтан олардың бұл «қулығы» іске аспай қалып жатады, - деді  Әубәкіров.

Жыл басынан бері өндірісте орын алған қайғылы оқиғаларды жасыруға тырысқан 16 кәсіпорынның басшыларына жалпы сомасы 5 млн 445 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

2017 жылдың 7 айы ішінде басқармаға еңбек заңдылығының бұзылғандығы туралы 414 арыз түскен. Арыз иелерінің басым бөлігі жалақыны уақытылы ала алмау, заңсыз жұмыстан шығару, сондай- ақ, еңбек шарттарын жасақтамау, еңбек кітапшасын бермей қалу жөнінде шағымданған.

Инспекторлардың өзі 279 тексеру жүргізіп, 370 заң бұзушылықты  анықтады. Нәтижесінде жұмыс берушілерге 28 млн теңге айыппұл салынды.

Кейде жұмысшылардың жалақыға қатысты наразылықтары ереуілдерге ұласып жатады. Еңбекақыларын 50 пайызға көтеруді талап еткен компаниялардың бірінде осылай болды.

Ақырында екі тарап жалақыны 15 пайызға көтеру туралы келісімге келеді. Алайда, компания жұмысшыларын сотқа беріп, сот қорытындысы көтерілісті заңсыз деп табады .

- Мұндай жағдайларда екі тарап та ҚР Еңбек кодексін ұстануы тиіс. Заңға сәйкесті

келісім комиссиясы  құрылуы тиіс. Егер онда ортақ келісімге келу мүмкін болмаса, еңбек дауы сотта шешілетін болады,- дейді И. Әубәкіров.

- Өндірістегі қайғылы жағдайларға қатысты  тексеру қалай жүргізіледі?

- Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі арнайы комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Тергеу барысында жұмыс беруші мен жұмысшының кінәсі анықталып, материал құқық қорғау органдарына жолданады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

23 тамыз 2017, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.