Атырау, 27 қараша 05:48
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мектеп балы

4 242 просмотра


«АЖ» редакциясына биыл Атырау қаласындағы №24 мектептен 9-сыныпты бітірген оқушылардың ата-аналары хабарласты. Олардың айтуларынша, маусымда бүкіл емтиханнан кейін осы оқу орнының әкімшілігі олар үшін көшу тестісі түрінде тағы бір сынақ ұйымдастырыпты. Сынақтан өткендер қалып, әрі қарай мектепте оқи береді.

Тестілеу нәтижесінде бүкіл төрт 9-сыныптан 10 сыныпқа өту балын 28 оқушы ғана жинаған. Қалғандарынан құжаттарын алып, колледжге түсуді немесе кешкі мектептен бітіруді өтінген.

- Наразылық білдіре бастағанымызда бізге мектептегілер дайындалыңыздар деді. Тамызда осы көшу тестілерінен құлағандардың барлығы үшін тағы 10 сыныпқа түсу тестісі өтеді екен, - деп бөлісті ата-аналардың бірі. – Бізге құжаттарды жинауға ұсыныс берді. Бірақ жалпы білім беру мектебіндегі 10 сыныпқа түсу үшін қандай құжаттар керек екенін түсіндіре алмады. Оның үстіне, біз әлі күнге дейін өз құжаттарымызды мектептен алған жоқпыз және сол жерде деп есептелеміз. Әрине, алдағы ҰБТ көрсеткіштерін бұзбас үшін мектептің өзіне жарамсыз оқушылардан осылайша құтылғысы келгенін түсінеміз. Бірақ ата-аналар мен оқушылардың өздернің таңдау жасағанын қалар едік.

Біздің жазбаша сауалымызға қалалық білім беру бөлімінің басшысы Света АМАНШИЕВА былай деп жауап берді: «Білім туралы» ҚР Заңында жалпы білім беру мектебінен 9-сыныпты бітіргеннен кейін көшу емтихандарын немесе тестілерін өткізу қарастырылмаған. Мектепте оқуды жалғастыру туралы шешім баланың оқу қабілеті ескеріліп, оның заңды өкілінің келісімімен қабылданады».

Ал бұл ахуалға мектеп директорының өзі Қали МАХАМБЕТОВ былай деп комментарий берді:

- Бізде биыл 9-сыныпты алты сыныптың оқушылары бітірді. Оладың үшеуі қазақ тілінде, үшеуі орыс тілінде оқытылатын сыныптар. Біз жыл сайын 10-сыныпқа балаларды екі бағыт бойынша қабылдаймыз – математикалық және гуманитарлық. 10-сыныптан бастап оқушылар таңдаған бағыт бойынша оқу материалдарын анағұрлым терең меңгереді. Оқу үлгерімі нашар балалар үшін біз маусымның ортасында алты негізгі пән - қазақ тілі, орыс тілі, математика, тарих, химия, биология пәндері бойынша тестілеу өткіздік. Әр пән бойынша – 20 сұрақтан. Кем дегенде әр пән бойынша – 10 балл, барлығы 60 өту балын құрайды. Осы тестілеу нәтижелері бойынша біз 10 сынып оқушыларын қабылдадық. Ал үздік оқығандар сол жерге автоматты түрде қабылданды. Бізде мұндай бес оқушы бар. Орыс сыныптарында оныншы сыныпқа 37 адам баруға тілек білдірді. Өту балын 21 адам жинады. Қазақ сыныптарында көшу тестісін 30 оқушы тапсырды, оның 15-і өту балын жинады.

Ата-аналардың түсінгенін қалаймыз: бұл балалардың игілігі үшін жасалады. Оқығысы келетіндердің ғана және материалды жақсы меңгеретіндердің ғана білімін жалғастыруы тиіс екенін бәрі жақсы түсінеді. Оның үстіне, жоғарғы сыныптарда материалдар анағұрлым терең оқытылатын болады.

Әңгіме соңында директор бұрын айтқан нәрселердің барлығын жоққа шығарды:

- 25 тамызда колледждерге қабылдау аяқталған кезде бірінші тестілеуге қажетті балл жинай алмаған және колледжге түспегендерге қосымша тестілеу жүргізуді жоспарладық. Енді екінші тестілеу болмайды. Мектепте сабақтарын жалғастырғысы келетіндердің барлығы әрі қарай оқи алады.

Алдымен орыс және қазақ тіліндегі 2 оныншы сыныпты жинағымыз келді. Ата-аналардың өтінішінен соң тағы қосымша екі сынып ашамыз.

Айтпақшы, қалалық білім беру бөлімінің ақпараты бойынша, биыл Атырауда 9 сыныпты 3 828 оқушы аяқтап, олардың 3 350-і мектепте оқуды жалғастыруға тілек білдірді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

23 тамыз 2017, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.