Атырау, 28 қараша 16:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Украинада Лениннің барлық ескерткіштері жойылды

2 309 просмотра


Украина келмеске кеткен Кеңес Одағынан елесінен біржола құтылып жатыр. Қазіргі уақытта елдің барлық аумағында КСРО – дан қалған ескерткіштер мен монументтерді жою процесі жүзеге асуда.

Украинаның ұлттық есккерткіштерді қорғау институтының директоры Владимир Вятрович «бүгінгі күні Кеңес Одағы кезінде елде тұрғызылған барлық ескерткіштерді жою процесі жүріп жатыр. Осы уақытта дейін Укринадағы 2389 ескерткіш орнынан алынды. Оның ішінде 1320 ескерткіш пролетариат көсемі Владимир Ильич Ленинге тиесілі. Жоғары ресми биліктің бұйрығына сәйкес, кеңестік заманды елестететін бір ескерткіш көшеде тұрмауы тиіс. Қазіргі уақытта Украинаның бірде бір қаласында Лениннің ескерткіші жоқ. Тек селоларда немесе өндіріс орындарының аумағында ғана қалуы мүмкін», –деп атап көрсетті ол.

Ұлттық есккерткіштерді қорғау институтының директоры Владимир Вятрович Кеңес Одағының кезінде тұрғызылған ескерткіштердің қазіргі уақытта болашақ ұрпақ үшін ешқандай құндылығы қалмағанын айтты. Сондықтан гипстен жасалған мүсіндер бұзылып, қоладан тұрғызылған ескерткіштер қайтадан өндіріске балқытуға жіберілген.

–Ескерткіштердің  бір бөлігі музейде сақталады. Жылдың аяғында Киевте немесе Халық шаруашылығы көрмесі аумағында арнайы ескерткіштер алаңын салуымыз мүмкін. Кеңес Одағынан қалған елесті көргісі келетіндер сол жерге ғана бара алады, –деді Ұлттық есккерткіштерді қорғау институтының директоры Владимир Вятрович.

Дереккөз: aikyn.kz

23 тамыз 2017, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.