Атырау, 28 қараша 15:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ бірнеше ресейлікке қарсы жаңа санкция салды

2 271 просмотра

АҚШ қаржы министрлігі Солтүстік Кореяның әскери бағдарламаларын қолдаған ресейлік және қытайлық компаниялар мен жекелеген адамдарға жаңа санкциялар салғанын жариялады. 

Санкция Пхеньянмен энергетика саласында сауда-саттық жасап, Солтүстік Кореяның санкцияға ілінген компанияларына америкалық және халықаралық капиталды иеленуіне көмектескені үшін салынып отыр.

АҚШ қаржы министрлігі Солтүстік Кореяға оның ядролық қару және баллистикалық зымыран жасау бағдарламаларын қолдағандарға санкция салу арқылы қысым көрсетіп келеді. Қаржы министрі Стивен Мнучиннің мәлімдемесінде санкцияға ілінген жеке және заңды тұлғалар АҚШ қаржы жүйесінен оқшауланатыны айтылған.

Қаржы министрлігінің шетел активтерін басқару басқармасы "үшінші елдердің" он заңды тұлғасы (арасында бір ресейлік компания да бар) мен алты жеке тұлғасын (олардың арасында төрт ресейлік бар) жаңа санкция тізіміне қосты.

Дереккөз: azattyq.org

23 тамыз 2017, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.