АҚШ президенті Дональд Трамп халыққа үндеуі барысында Америка Құрама Штаттарының өз құндылықтарын өзге елдерде орнатудан бас тартатынын айтты, - деп хабарлайды RT.
"Мен Америка халқының көп уақыт пен көп ақша жұмсаған сыртқы саясат мәселесінен көңілі қалғандарын түсінемін. Себебі біздің саясатымыз қауіпсіздік жағынан өзіміздің мүддемізді қорғаудың орнына өзімізді басқа елдерге ұқсатып, мемлекетімізді қайта құруға негізделген", - деді Трамп. Сондай-ақ, АҚШ президенті Ауғанстандағы әскери кампанияларға қатысты пікір білдірді. "Ауғанстанда шайқасып, сонда қаза болғандардың көбі Американы жақсы көрді, Американы қорғағысы келді. Енді біз олар өмірлерін беруге дайын болғандары үшін әрекет етуіміз керек. Біз барлығымыз бірігіп, Американы шетелдегі жаулардан қорғауымыз керек", - деді Трамп. Сонымен қатар, Трамп террористермен күрес жөніндегі әскери стратегияға өзгерістердің енгізілгенін айтып, Пәкістаннан террористерге қатысты мәселені шешуді сұрады.
Дереккөз: tengrinews.kz