Атырау, 3 мамыр 06:04
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Әзербайжан мен Тәжікстан визалық тәртібі жеңілдетілген елдердің бестігіне енді

1 318 просмотра


Белгілі британдық туристік Wanderlust (Wаnderlust tourist magazine) журналы визасы оңай жолмен алынатын елдердің рейтингін жариялады. 

Визалық тәртібі жеңілдетілген елдердің ТОП-5-тігі қатарына Әзербайжан мен Тәжікстан кірді, деп хабарлайды «Ховар» агенттігі. Рейтинг басында Әзербайжан, одан кейін Камбоджа, Шри-Ланка және Тәжікстан орналасқан. Визасы өте қарапайым алынатын елдердің бестігін Вьетнам аяқтайды. Агенттік мәліметінше, рейтинг авторлары Тәжікстанда былтырғы жылы өтініш беру процесін жеңілдететін электронды виза тәртібі енгізілгендігіне назар аударған. Өтініш беру үшін шетелдік төлқұжаттың көшірмесін жіберу жеткілікті. Виза 1-3 күн ішінде беріледі. «Қарапайым әрі жеңіл, солай болуы керек», - делінген Wanderlust travel материалында. Тәжікстанда виза құны (барлық елдерге бірдей) - 50 доллар. 

Дереккөз: inform.kz

22 тамыз 2017, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.