Атырау, 28 қараша 15:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түрікменстан астанасында далаға кір жаюға тыйым салынды

5 804 просмотра


Қыркүйекте Ашхабадта өтетін Азияда ойындары қарсаңында астана тұрғындарына далаға кір жоюға тыйым салған. Бұл жөнінде Ашхабад тұрғындары мен тәуелсіз басылымдар мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

«Түрікменстан оқиғасы» тәуелсіз басылымының жазуынша, 16 тамызда Ашхабадтың Мир-4 және Мир-7 шағын аудандарын жергілікті билік өкілдері аралап, Азияда ойындары аяқталғанға дейін, балкондарына кір жайып, заттар қоюға тыйым салынатынын хабарлаған.

Тәуелсіз басылымның жазуынша, жаңа ережені бұзғандарға 400 манат айыппұл салынады.

Түрікменстан Орталық банкінің ресми бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 3.5 манат болады. Қара базарда 1 доллар 7 манат шамасында.

Ашхабад шолушысы Аманмурад Бугаевтың сөздерінше, қазіргі уақытта Мир-4, Мир-5 және Мир -7 шағын ауданындағы кір жаятын сымдар алынып тасталған.

Осыған дейін аталған шағын аудандағы үйлерге орнатылған салқындатқыштарды да жаппай алғызып тастағаны хабарланған еді.

17-27 қыркүйекте Ашхабадта Жауынгерлік өнер бойынша V-Азия ойындары өтеді.

Дереккөз: Baq.kz

22 тамыз 2017, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.