Атырау, 2 мамыр 19:31
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қырғыз премьері отставкаға кететінін жариялады

1 963 просмотра


Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков үкімет отырысында өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұған дейін Орталық сайлай комиссиясында (ОСК) президенттікке кандидат куәлігін алған Жээнбеков өзінен кейін үкіметті кім басқаратынын білмейтінін мәлімдеген. 

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, ол "Не үшін отставкаға кетуге шешім қабылдадыңыз?" деген сұраққа жауабында бұл мәселені президент Алмазбек Атамбаевпен талқылағанын айтты.

Заң бойынша, кандидат өкілеттігін тоқтата тұра алады, тіпті сайлаудан кейін президент инаугурациясына дейін де премьер-миинстр болып қала беруіне болады. Серіктерімнің көбі мені отставкаға кетпей-ақ, демалыс алып, сайлау аяқталғанға дейін өкілеттігімді тоқтата тұруға көндірмек болды. Бірақ барлығын таразылай келе президенттен отставкаға кетуді сұрайтын болдым. Бұған дейін бұл мәселені президентпен талқыладық және ол менің шешімімді қолдады. Мен президент сайлауына өзге кандидаттармен теңдей жағдайда бәсекеге түсемін, - деді Жээнбеков.

Сооронбай Жээнбеков президентке отставкаға кету туралы өтінішін 22 тамыз күні түстен кейін беретінін айтты.

Алмазбек Атамбаевтың Социал-демократиялық партиясынан (СДП) ұсынылған Жээнбеков "Ак Шумкар" партиясының жетекшісі Темір Сариев пен "Республика - Ата Журт" партиясының жетекшісі Омурбек Бабановтан кейін тіркелген үшінші кандидат.

Қырғызстан президенті премьер-министрдің отставкасын қабыл алған соң парламент кезектен тыс жиын өткізеді. Онда депутаттар министрлер кабинетінің жаңа құрамы мен құрылымын қарайды. Парламент отырысы 25 тамызда өтуі мүмкін.

Сооронбай Жээнбеков 2016 жылы 13 сәуірде премьер-министр болып тағайындалған.

Дереккөз: azattyq.org

21 тамыз 2017, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.