Атырау, 28 қараша 13:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Сауд патшасы катарлық қажы өтеушілерге рұқсат берді

1 662 просмотра


Сауд Арабиясының SPA хабар арнасының хабарына қарағанда, Сауд патшасы Селман катарлық қажыларға Мекке қаласына кіруге рұқсат еткен.

Ол Катардан Сауд Арабиясына қажылық өтеуге баратын қажылардың алдын ала рұқсат алмай-ақ, құрлық және әуе жолдарын таңдауына келісім берді. Бұл туралы «Анатолы» агенттігінің ресми сайты жазды. Король Селман ханзада Мұхаммед Ибн-Селманның Катар қажылық өтеушілерге бір шекара бекетін ашып беру ұсынысын қабылдаған. Сонымен бірге құжаттық жұмыстар электронды түрде жүргізілмек. Катар мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастың салқындап тұрған шағында Селманның бұл қадамы Катар дағдарысына аз болса да серпін беруі мүмкін. Екі елдің королі мен әмірінің отбасы арасында тығыз байланыстың бар екені анық. Кейбір келісімдер мен қайшылықтар да билеушілер отбасының арасында алдымен туылады. Бұл жолы да Катар әмірінің отбасы мен ханзада Ибн-Селман арасындағы келісімдер арқылы катарлық қажы өтеушілер Сауд Арабияға кіре алатын болды.

Дереккөз: qazaqtimes.com

21 тамыз 2017, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.