Атырау, 28 қараша 13:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Илон Маск БҰҰ-дан соғыс роботтарын жасауға тыйым салуды сұрады

2 173 просмотра


26 мемлекеттің роботтехника мен жасанды интеллект саласының жетекші мамандары Біріккен Ұлттар Ұйымын автономды түрде ұшатын қаруды жасау мен қолдануға тыйым салуға шақырды, - деп хабарлайды The Guardian. 

SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаған Илон Маск және DeepMind басшысы Мұстафа Сүлейман сияқты белгілі адамдар да қол қойған ашық хатта қару жасауда жарысу осы саладағы оқ-дәрі мен ядролық қару сияқты үшінші революцияға алып келетінін ескертеді.  

"Қаруланудың жаңа түрі диктаторлар мен террористердің қаруына айналуы мүмкін. Хакерлер оның бағдарламасын бұзып кіріп, кері мақсатта пайдалана алады", - делінген хабарламада.  

Адамның қатысынсыз соғыс әрекеттерін жүргізе беретін роботтехника туралы хат БҰҰ-ға Мельбурнда өткен конференция кезінде жолданған болатын. Жақында БҰҰ автономды ұшатын аппараттар, танкілер мен пулеметтерді жасап шығаруды ресми талқыға шығармақ.  The Guardian мәліметі бойынша, автономды түрде ұшатын қару түрлері қазір де бар, мәселен, Samsung жасап шығарған SGR-A1 күзетшісі. Бұл техника адамның бұйырығын күтпесетен, өз бетімен оқ ата бере алады. Сонымен қатар, соғыс роботтарын жасау жұмыстары АҚШ пен Ресейде жүріп жатқан көрінеді. Соның ішінде танкілерді жоюға арналған "Уран-9" рототехникалық кешен туралы айтылады.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


21 тамыз 2017, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.