Испанияда Барселонада болған терактіге байланысты үш тәулікке аза тұту күні жарияланды. Бұл туралы корольдіктің премьер-министрі Мариано Рахой мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен болған мәжілістен мәлім етті, деп хабарлайды Риа Новости.
Испаниядағы мемлекеттік органдардың барлығында мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.
«Зардап шеккендердің жақындары мен туыстары қазір біз үшін басты мәселе. Барселоналықтар тартқан зардапты қазір Мадрид, Париж, Брюссель, Ницца, Лондондықтар да сезініп отыр»,-деді премьер-министр өзінің сөзінде.
«Біз сонымен қатар бірліктің, полиция операцияларының, халықаралық қолдау мен өркениеттің құндылықтарын табанды қорғау ниетінің арқасында террроризмді жеңуге болатынын білеміз»,-деді ол.
Рахой болған оқиғаны «жихад терроризмі» деп атады және оған жаһандық деңгейде жауап беру қажеттігін айтты.
«Бүгінде терроризммен күрес еркін, ашық қоғамның және біздің басымдығымыз болып отыр. Бұл жаһандық деңгейдегі қатер. Осыған қарай оған берілетін жауап та жаһандық деңгейде болуы тиіс»,-деді ол.
Кеше, 17 тамыз күні шағын автобус Барселонаның орталығындағы Рамбла көшесінде жаяу жүргіншілерді басып өтті.
Соңғы мәліметтер бойынша, 13 адам құрбан болып, 100 адам зардап шекті. Жүргізуші оқиға орнынан бой тасалап үлгерді. Күдікті екі адам тұтқындалды, олар Солтүстік Африка тұрғындары екені белгілі болды. Теракт үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» ұйымының өкілдері мойындары алды.
Дереккөз: inform.kz