Атырау, 28 қараша 13:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ливанда қаскөйлерге жеңілдік жасайтын заң күшін жойды

1 497 просмотра


Ливан зорлық зомбылық заң Ливан парламенті елде үлкен дау туғызған заңның күшін жойды. Бұрын зорлық-зомбылыққа барғандар өз құрбанына үйленсе, жазадан құтылатын. 

Енді қаскөйлерге мұндай жеңілдік жасалмайды. Олар айыбын толық өтейді. Құқық қорғау ұйымдарының айтуынша, бұл әйелдер құқығының аяққа тапталуын шектеп, елдегі зорлық-зомбылық деректерінің азаюына септігін тигізеді. Алайда мұндай шешімге қарсылар да табылды. Олар: «неке әйел адам мен оның жанұясының ар-намысын сақтауға мүмкіндік беруші еді», – дейді. Айта кетейік, Ливанда бұл заң 1940 қабылданған, сөйтіп 60 жылдай қолданыста болды. Ал мұндай ережеден бұған дейін Түркия, Тунис, Марокко, Мысыр және Иордания елдері бас тартқан. Бірақ Таяу Шығыс пен Азияның кей елдерінде әлі күнге дейін бар.

Дереккөз: 24.kz

18 тамыз 2017, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.