«Ислам мемлекеті» террористік ұйымы Барселонадағы терактіні жауапкершілігіне алды. Бұл жөнінде жихадшы топқа жақын Amaq агенттігі мәлімдеді, деп жазады террористердің іс-әрекетіне мониторинг жасайтын SITE Intelligence Group.
Испания билігі жарылыстан кемінде 13 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланды деп хабарлады. 17 тамызда жүк көлігі Барселона орталығындағы атақты Рамбл туристік орнында көпшілікті басып өткен.
Жергілікті билік шабуыл жасаған екі адамды ұстағанын мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп терактіні айыптайтынын, Испанияға көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Германия, Ұлыбритания, Ресей, Франция елдерінің лидерлері де Испания халқына көңіл айтты.
Соңғы жылдары террористік ұйымдар халық көп жүретін жерлерді көлікпен басып өту тәсілдеріне көшкен. Дәл осындай шабуылдар бір жыл ішінде Еуропаның Ницце, Берлин, Лондон және Стокгольм қалаларында орын алып, жүзден асам адам қаза тапты.
Дерекөз:Baq.kz