Атырау, 21 ақпан 14:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

​Қытайда алғашқы интернет-сот іске қосылды

1 610 рет қаралды


Қытайда алғашқы интернет-сот іске қосылды, - деп хабарлайды РИА Новости ҚХР Орталық телевизиясына сілтеме жасап. Интернет-сот өз жұмысын Чжэцзян провинциясы Ханчжоу қаласында бастады. 

Мұндай сотты іске қосу туралы шешім биыл 28 маусымда Қытайдың Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 36-шы сессиясында қабылданды. Интернет-сот онлайн саудадағы алаяқтық пен интернеттегі авторлық құқықтар бұзылған жағдайларға қатысты істерді қарайды. Барлық сот процесі - өтініштен бастап қылмыстық істің қозғалуына дейінгі процестердің барлығы соттың сайты арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, соттың үкімі де онлайн видео арқылы айтылатын болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 тамыз 2017, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.