Атырау, 28 қараша 13:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Испанияда бір тәулікте екі теракт болды

2 579 просмотра


Испанияда 18 маусымға қараған түні бір күнде екі террористік акт болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап. Барселонада фургон жаяу жүргінші жолында тұрған бір топ адамды қаққан. 13 адам қаза тауып, жүзден аса адам зардап шеккен. 

Кейін осындай оқиға каталонияның Камбрильсінде болды, оның салдарынан жеті адам зардап шекті.  

Барселонадағы теракт 

Фургон Рамбл көшесінің жаяу жүргіншілер зонасында шамамен 400 метр жүрген және дүңгіршекті соққаннан кейін тоқтаған. Жүргізуші көлікті қасақана ары-бері бұрып, барында көп адамды қағуға тырысқан, - дейді куәгерлер.  Көлік жүргізушісі оқиға орнынан із жасырған, оны полиция іздестіріп жатыр. Оның қаруы жоқ екені де анықталып отыр.  Видеодан бүлінген ақ фургонды көруге болады. Оны полицейлер қоршаған. Бастапқыда көлік тізгінінде Дрисс Укабир (Driss Oukabir) болды делінді - ол Риполь муниципалитетінің тұрғыны әрі француздың Марсель қаласының тумасы. Кейін Риполь мэрі Укабирдің полицияға келіп, паспорты ұрланғанын хабарлағанын мәлімдеді. Құжаттарды оның інісі, 18 жастағы Мұса Укабир ұрлады деген нұсқа қарастырылып отыр. Ол Барселонада тұрып жатыр және шын мәнінде шабуылға қатысы бар, деп жазады La Vanguardia. Мұса - Франция азаматы.  Каталония полициясы Барселонадағы терактке байланысты екі адамның ұсталғанын растады. Екеуі де Солтүстік Африканың тумасы. Олардың бірі Мароккода, екіншісі Мелильеде (Мароккомен шекарадағы испан аклавы) туған. Бұған дейін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Құқық қорғау органдары оқиға орнындағы адамдарды тексеріп жатыр.


Лаңкес делінгендердің бірі Риполде ұсталды, екіншісі Альканарада.  Испан баспасөз құралдары полицияның қылмыскерлер қолдануы мүмкін деген екінші фургонды ұстағанын хабарлады. Ол Вик ауданындағы Burger King мейрамханасының маңынан табылған.  Полиция Рамбльдегі терактті Альканарада бейсенбі күні таңғы уақытта болған тағы бір оқиғамен байланыстырып отыр. Қаладағы үйлердің бірінде жарылыс болған, ғимарат түгелдей қирап қалған. Ішінде екі адам болған, бірі қаза тапқан, екіншісі ауыр жарақат алған. Көрші үйдегі алты адам болмашы жарақат алған. Испан БАҚ-тары бұл жарылысты наркозертханадағы газдың шығып кетуінен болған деген болжам жасады. Ал күндіз Альканарада екінші жарылыс болған, салдарынан бірнеше полицей жарақат алған. Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз.  

© РИА Новости / Хавьер Луэнго


Күдіктілердің бірі Альканарада ұсталған. Тергеушілер осы үйде тұрып жатқан тұрғындарды қолдан жарылғыш зат жасамақ болды деп сезіктеніп отыр.  Ал бұл шабуылға өзін "Ислам мемлекеті" деп атайтын террористік ұйым жауапкершілік алды. 

Камбрильстегі теракт 

Бұдан кейін Каталонияның курорттық Камбрильс қаласында лаңкес делінгендер фургонмен бір топ адамды қаққан. Кейін полиция олардың көзін жойды. БАҚ-тар оқиғадан бестен он адамға дейін жараланғаны жайлы хабар таратты. Олардың екеуі ауыр жарақат алған. Жаяу жүргіншілерді қаққан лаңкестердің жанкешті белбеуі болғаны айтылады.  

Қазақстандықтар 

Қазақстанның СІМ өкілдері теракт кезінде зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың болған-болмағанын анықтап жатыр.  "Алдын ала мәлімет бойынша, Испания полициясы оқиғаны теракт деп атады. Барселонада жүрген қазақстандық азаматтарға қала орталығына барудан бас тартып, қауіпсіздік шараларын сақтауын сұраймыз. Қазақстанның Испаниядағы елшілігі жедел желі нөмірін ашты: +34-674-482-333. Бір сағат бұрын жүк көлігі Барселона орталығында адамдарды қаққан", - деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісінде. Испанияда осы оқиғалардан кейін үш күндік қаралы күн жарияланды.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 тамыз 2017, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.