Ұлыбритания Корольдік құрамындағы Солтүстік Ирландия мен Еуроодаққа кіретін Ирландия арасындағы шекараның ашық болғанын қалайды. Бұл туралы Британия премьер-министрі Тереза Мэй мәлімдеді.
Дегенмен, ресми Брюссель мұның жүзеге аспас арман екенін айтып отыр. Өйткені Королдік одақтан шыққаннан кейін оның құрамындағы елмен арадағы шекара ашық болмайды. Дегенмен, бұл мәселелер келесі жылдың қарашасына дейін талқыланады. Ал қорытындыны Еуроодақ елдерінің ұлттық парламенті мақұлдауы керек. Оған дейін Ұлыбритания Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болып саналады. Тереза Мэй, Ұлыбританияның премьер-министрі: - Біріккен Корольдіктің әр бөлшегінде шекара болғанын қаламаймыз. Сондықтан шекара мен кеден мәселесінде келісімге келсек деймін. Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасының азаматтарын қатаң ережелермен қинауға болмайды. Анника Брейдхардт, Еврокомиссия өкілі: - Ирландия мәселелеріне келсек, ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Ұлыбритания кепіл мемлекет атанған Белфаст келісімін сақтауымыз керек. Сондай-ақ проблеманы шешудің техникалық жақтарын талдамай тұрып, саяси келісімге келуіміз қажет.
Дереккөз: 24.kz