Украина баллистикалық зымыран Солтүстік Корея Украина билігі Солтүстік Кореяға зымыран қозғалтқышын жеткізді деген айыпты мойындамай отыр.
Мұндай дау «Нью-Йорк Таймс» газетінде жарияланған деректерден кейін басталды. Басылымда ресми Пхеньян украиналық «Южмаш» кәсіпорнынан баллистикалық зымыранға арналған қозғалтқыштарды сатып алды деген мақала жарық көрген. «Южмаш» өкілдері де тағылған айыпты жоққа шығарды. Олег Лебедев, «Южмаш» кәсіпорны директорының орынбасары: - Бұл жазылғандардың жалған екендігіне кепілдік бере аламын. «Южмаш» ешқашан зымыран шығарған емес және қазір де шығарып жатқан жоқ.
Дереккөз: 24.kz