Бүгін, 16 тамызда Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ұжымына жаңа басшы - 35 жастағы Данияр БАЙМАҒАМБЕТОВ таныстырылды.
Ол Ақтөбе облысының тумасы, Ақтөбе мен Атырау ішкі істер органдарында тергеуші болып жұмыс істеген, Ақтау ҚІІБ тергеу бөліміне басшылық еткен.
Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 2 мамырында балық қорғау инспекциясының жұмысына байланысты жанжал қызған кезде оның басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВПЕН «жабық есік» сыртындағы кездесуден кейін өзінің бұл лауазымнан кететіндігі жөнінде арыз жазған болатын. Ол қазір Батыс Қазақстан облысының Сот сараптамасы институтының директоры.
Тамара СУХОМЛИНОВА