Атырау облысында 48 ауылдық округ әкімі лауазымына барлығы 135 үміткер тіркелген, соның ішінді 32-сі лаузымдарын атқарып жүрген әкімдер. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВТЫҢ айтуынша, осы 32 үміткердің 28-і кері сайланды.
- Сайлау өз деңгейінде өтті деп ойлаймын. Сайлауға түсушілер арасында белсенділік байқалады, - дейді А.Ибрашев.
Әкімдердің ең жасы - 28-де, олардың саны үшеу. Сондай-ақ, сайланған 48 әкімнің үшеуі әйел. Олар: Исатай ауданы Исатай ауылдық округінен сайланған Ұлболсын ХИСЫМ, Құрманғазы ауданы, Асан ауылдық округінен - Гүлім ҚАБДРАЖИТОВА, Сафон ауылдық округінен сайланған Роза ҚАМЗАЕВА. Естеріңізге салсақ, әзірге ауыл тұрғындарына өз әкімдерін сайлауға мүмкіндік берілмей отыр, олар үшін жергілікті депутаттар сайлайды.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА
Суретті түсірген автор