Новосібір билігі қоғамдық шудан кейін көлдің берілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Новосібір облысы заң шығарушылық жиналысының бірінші орынбасары Андрей Парфенов Сладкое көлінің бөлігін Қазақстанға беру туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бұдан бұрын Новосібір облысы Кунин ауданы әкімшілігі хабарлағандай, Сладкое көлі Қазақстанға беріліп, демаркациядан кейін Қазақстан Республикасының аумағында толық болған. Жергілікті билік шекараны бұзумен байланысты оқиғаларды алдын алу үшін осылайша балық аулауға әуесқойларды ескерткен болаты.
Купин ауданы әкімшілігінің басшылығы Владимир Шубников бұдан бұрын жергілікті порталға "жартылай көл – жартылай батпақ" экономикалық тұрғыдан "қажетсіз" болғандықтан Қазақстанға беру тиімдірек болатынын айтқан. Хабарлама Ресейде негативті қоғамдық шу туғызғаннан кейін Шубников БАҚ-қа пікір білдіруден бас тартты.
Демаркациялық комиссия түсіндіргендей, мемлекеттік шекараның сызбасы суды 70:30 арақатынасында Қазақстанның пайдасына бөледі. Алайда ешқандай өзгеріс болмаған, ондай жоспар да жоқ.
"Бұл бар болғаны алып қашпа әңгіме… Көлдің бір бөлігі біздікі. Шекара өткен жерде өте береді. Мемлекет аумағының бір бөлігін біреуге бере салуды қалай елестетесіздер?", — деп мәлім етті Панферов ресейлік "Комерсантъ" газетіне берген сұхбатында.
Шенеунік түсіндіргендей, жергілікті тұрғындарға "мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша шаралар өтіп жатқан" бұл жерге баруды қоя тұру ұсынылған.
Сондай-ақ, Панферов әріптесінің сөзін жоққа шығарып, Сладкое көлінің "тамаша" екенін алға тартты, сонымен қатар туристерді Купин ауданына шақырып, балық аулау рахатын сезінуге кеңес берді.
Дереккөз: sputniknews.kz