Атырау, 27 қараша 05:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Махамбет ауданының әкімі Жылыойды басқарады

5 278 просмотра

15 тамызда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Жылыой ауданының әкімшілік орталығы Құлсары қаласына келіп,  жергілікті мәслихат пен шенеуніктерге зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты құрметті демалысқа кететін аудан әкімі Мақсым ІЗБАСОВТЫҢ орнына үміткер ретінде Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫН таныстырды.

Депутаттар қарсы болмай, бірауыздан дауыс берді. Өңір басшысы мен басқа сөз алушылар М.Ізбасовқа жасаған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, оның орнына келген Махамбет ауданының басшысы өзін жақсы жағынан көрсете біледі деп үміт білдірді.

Ә.Құттымұратұлы 1983 жылы дүниеге келген, 2007 жылы Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетті, 2012 жылы Қазақстан-Ресей халықаралық университетін тәмамдаған. 2008-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, содан кейін Орал әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012-2013 жылы Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, табиғи ресурстар басқармасының бастығы, 2016 жылдың мамырынан бастап Махамбет ауданының әкімі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 тамыз 2017, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.