Атырау, 28 қараша 13:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Иран АҚШ санкциядан бас тартпаса, «Ядролық қару туралы» келісімнен шығатынын мәлімдеді

2 661 просмотра

Иранның Президенті Хасан Рухани АҚШ жаңа санкциялар енгізетін болса, ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды. 

Ядролық келісім 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран мен әлемнің алты державасы (Ресей, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Франция және Германия) арасында жасалған шарт. Оған сәйкес, аталған елдер Иранға қарсы салған барлық санцияларының күшін жойды, ал Теһран өз кезегінде ядролық қару қуатын дамытуды тоқтатуға міндеттелді. АҚШ пен Иран арасындағы келіспеушілік бұрыннан жалғасып келеді. Қос мемлекет осыған дейін бірін-бірі ядролық қару туралы келісімді бұзды деп айыптап келе жатыр. Естеріңізде болса, АҚШ Конгресі қабылдаған санкциялар туралы құжатта Ресей, Иран мен Солтүстік Кореяға қарсы экономикалық шектеулер жүйесі қарастырылған болатын. Хасан Рухани өз сөзінде: "АҚШ Президенті Дональд Трамп жаңа санкциялар шеруін жариялау арқылы өзінің қаншалықты сенімсіз серіктес екенін дәлелдеді", - деді. Иранның Парламенті өткен жексенбіде АҚШ-тың жариялаған санкцияларына жауап ретінде зымыран бағдарламасына жарты миллиардқа жуық қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

15 тамыз 2017, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.