Атырау, 28 қараша 13:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​КХДР көшбасшысы Гуам бағытына зымыран ұшыру жоспарын талқылады

1 586 просмотра


КХДР әскери командованиесі күш  көрсету мақсатында Гуам аралы бағытына зымыран жіберу жоспары жайлы ел президенті Ким Чен Ынге есеп беріп, шиеленісті бәсеңдету үшін АҚШ-қа арандатудан бас тартуға кеңес берді. 

Дүйсенбі күні Ким Чен Ын Корей халықтық армиясының стратегиялық күш қолбасшылығында болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Корей орталық телеграфтық агенттігіне (КОТА)сілтеме жасап. КХДР көшбасшысы «Корей түбегіндегі жағдайды күрделендіріп отырған» АҚШ-қа «саналы түрде» «ағымдағы жағдай қай тарапқа қолайсыз болатындығын» таразыға салып бағамдауға кеңес берді», - деп жазған КОТА  Вашингтонды «КХДР-ға қарсы менменшіл арандатушылықты тоқтатуға және өзінің біржақты талаптарынан бас тартуға»  шақырды. Хабарламада сондай-ақ, егер АҚШ «Корей түбегі мен оның төңірегіндегі аймақта өзінің төтенше қауіпті және ақылға қонымсыз әрекеттерінен бас тартпаса» Пхеньян маңызды шешім қабылдайтындығы айтылған. Солтүстік Корея көшбасшысы әскерилер «партия шешім қабылдаған кез-келген уақытта дайын болулары тиістігін» атап өтті. Бұған қоса, КОТА Ким Чен Ын «янкилердің ақылға қонымсыз әрі албырт әрекеттерін тағы біраз бақылағысы келетіндігін» хабарлады. Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге Пхеньян Вашингтон тарапына қоқан-лоқы көрсетуін доғаруы тиістігін мәлемдеген болатын. Ол бұл әрекеттерге «әлем бұған дейін көрмеген отпен және қаһармен» жауап қайтаруға уәде етті. 


Дереккөз: inform.kz

15 тамыз 2017, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.