Атырау, 25 сәуір 15:41
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Өзбекстанда 50 мың сумдық банкнот айналымға шығады

1 784 просмотра


Өзбекстанда келесі аптадан бастап 50 мың сум (ресми курс бойынша 12 АҚШ долларына тең) банкнотты айналымға шығады деп хабарлады осы елдің Орталық банкіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек редакциясы. Соңғы жарты жылда Өзбекстанда осымен екінші рет жоғары номиналды ірі банкнот айналымға шығып жатыр.

Банкнотта Ташкент үстінде ұшып бара жатқан Хумо құсы бейнеленген.

Осы күнге дейін Өзбекстанда ең ірі банкнот 10 мың сум (шамамен 2,5 АҚШ доллары) биыл 10 наурызда айналымға енген болатын.

Өзбекстанның Орталық банкі қаржы реформасына байланысты, Тәуелсіздік күнін атап өткеннен кейін курс бағамын бірегейлендіру шарасы жүргізілетінін хабарлады.

Өзбек экономисі Тохир Собиров 2017 жылы ақпанда Азаттыққа берген комментариінде Өзбекстанда қолма-қол төлем жасау проблемасын шешу номиналы 50 мың және 100 мың сум болатын банкноттар енгізу керек деген пікір білдірген.

Дереккөз: azattyq.org

15 тамыз 2017, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.