Атырау, 9 желтоқсан 00:44
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Қытай КХДР-дан импортты тоқтату туралы шешім қабылдады

2 243 рет қаралды


Қытай Халық Республикасы коммерция министрлігінің бас кеден басқармасы 14 тамыз күні хабарландыру жасап, Солтүстік Кореядан келетін көмір, темір, қорғасын сияқты тағы басқа кен және теңіз өнімдерін импорттауды тоқтату туралы шешім қабылдады.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2371 қаулысына сәйкес, ҚХР 15 тамыздан бастап КХДР-дан көмір, темір және темір рудасы, қорғасын және қорғасын рудасы, су және теңіз өнімдерін импорттауды тоқтатады», - делінген хабарламада. Бұған дейін хабарлағанымыздай, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Корей Халықтық Демократиялық Республикасының жаңа зымыран ұшыруына байланысты санкцияларды кеңейткен болатын.

Дереккөз: inform.kz

14 тамыз 2017, 20:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.