Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қалалық және аудандық басқарма қызметкрелеріне тағам өнімдерінің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігіне қатысты мониторингті күшейтуге бұйрық берді.
Бұл Комитеттің 9 тамыздағы бұйрығын орындауға қатысты және жақында РФ Федералдық тамақтану орталығының Мәскеу түбіндегі «Мортадель» жеке комбинатының «Королевская» және «Сервелат зернистый» деген екі шұжық өнімдерінен адам ДНК-сының іздерін анықтауына байланысты болып отыр. Шұжықта не болуы мүмкін екені, айтпаса да түсінікті.
«Мортадель» ЖШҚ сайтында комбинаттың Ресейдегі ет өңдеу бойынша алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі екені хабарланған және компанияның «Таза қолмен және таза ниетпен ең үздік өнімдер өндіреміз» деген ұраны жазылған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ