РФ Федералды қауіпсіздік қызметінің жасағы Мәскеу қаласының транспортты нысандары мен ірі сауда орталықтарына шабуыл жасамақшы болған лаңкестік топты құрықтады.
Олар Мәскеу аумағында бұқара халық көп жиналатын қоғамдық жерлерде теракт ұйымдастырған лаңкестік әрекетті анықтаған. Кейін арнайы операция барысында террористік ұйымның мүшелері мен қылмысты жоспарлаған жетекшісі де қолға түсті. Жергілікті ақпарат көздері хабарлағандай, лаңкестік әрекетті жанкештіні қолдану арқылы жасамақшы болған.
Дереккөз: 24.kz