Террористтер "Стамбул" дәмханасының келушілеріне оқ жаудырды.
Батыс Африкадағы Буркина-Фасо мемлекетінде экстремистер дәмхана келушілеріне оқ жаудырды, деп хабарлайдыы РИА Новости.
Жергілікті уақытпен сағат 31.30 үш адам келіп, "Стамбул" кафесінде адамдарға оқ жаудырды. Қазіргі уақытта 17 адамның қаза болғаны белгілі, олардың арасында Түркия азаматтары бар. Сегіз адам жарақат алды.
Барлық қаза тапқан адамның азаматтығы нақтыланбаған, кафе келушілері арасында әртүрлі ұлт өкілдері болғаны белгілі.
Дереккөз: sputniknews.kz