Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті былай деп хабарлайды.
Ақсай ауылдық округінің әкімі Д.Досқалиевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталды. Ол Ақсай поселкесінен жеке тұрғын үй салуға жер телімін алу келісіміне (бегунок) қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 185 мың теңге сомада пара алған.
Атырау қалалық сотының үкімімен Досқалиевқа ғұмыр бойына мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан айырып, көрінеу заңсыз жолмен табылған мүлкін тәркілеумен қатар, 6,2 млн теңге сомада айыппұл төлеу жазасы берілді.
Атырау облыстық ІІД ЖПҚ «Рубеж» бақылау-өткізу бекетінің қызметкерлері Б.Нұрлановқа, БМахауовқа, Р.Ниеталиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Олар «Рубеж» бекеті арқылы Қазақстан Республикасына кедергісіз өту үшін кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен жүйелі түрде 900-ден 5000-ға дейінгі мөлшерде ресей рублін немесе 5 000-нан 27 000 теңгеге дейінгі баламада пара алып отырған.
Құрманғазы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғалар айыппұлмен жазаланды: Нұрланов Б. 2,7 млн теңге мөлшерінде, Махуов Б. – 760 мың теңгеден астам, Ниеталиев Р. – 324 мың теңге мөлшерінде.
Аталмыш тұлғалардың барлығы пара алуда кінәлі деп танылып, көрінеу заңсыз жолмен табылған мүлкін тәркілеумен қатар, ғұмыр бойына мемлекеттік қызметте және құқыққорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан, арнайы шендерінен айырылды.
Мақат АІІБ бастығының бірінші орынбасары Д.Болжановқа, оның қарамағындағы А.Сағитов пен А.Сағымбайға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталды. Олар күдіктіге қатысты қылмыстық істі тоқтатуға көмектескені үшін делдал А.Ерғожиевтан жалпы сомасы 200 мың теңге мөлшерінде пара алған.
Мақат аудандық сотының үкімімен Болжанов 14 млн теңге, Сағитов 17,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл төлеу, Сағымбай – 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.
Аталмыш тұлғалар пара алуда кінәлі деп танылып, көрінеу заңсыз жолмен табылған мүлкін тәркілеумен қатар, ғұмыр бойына мемлекеттік қызметте және құқыққорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан, арнайы шендерінен айырылды. Ерғожиев пара беруде делдал болғаны үшін кінәлі деп танылып, 2 млн теңге мөлшерінде айыппұлға жазаланды.