Атырау, 27 қараша 05:23
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Дәріханалардағы анықтамалық және жеке кәсіпкерлерді сақтандыру

2 709 просмотра


Атырау облыстық денсаулық басқармасы Call-орталығы жанынан 98-02-92 телефон нөмірлі дәрі-дәрмек ақпараттық анықтамалығын (ДАА) енгізбекші. Бұл туралы №7 емханада өткен брифингте мәлім етілді.

Бұл пациенттерді қажет дәрі дәрмектер іздеп, дәріханаларды аралап жүруден құтқарады. Call-орталық кеңесшілерінде біздің өңірімізде дәрі-дәрмектер сатумен айналысатын 75 ұйымның жинақты дерекқоры болады. Call-орталыққа қоңырау шалған пациент дәрігер тағайындаған препараттың (халықтың белгілі бір топтары үшін дәрігер тегін тағайындаған дәрі-дәрмектер «Медицина» АҚ желілерінің дәріханаларында сатылады) қайда және қандай бағамен сатылатындығын біле алады. Биыл дәрі-дәрмек құралдарымен және арнайы балалар және емдік тамақтану өнімдерімен қамтамасыз етуге 1 млрд 396 млн теңге (920 млн республикалық бюджеттен және 476 млн жергілікті бюджеттен) бөлінді.

2015 жылы ел фармацевтеріне GPP медициналық қызмет көрсетудің озық стандарттарын (емдеу, кадрлар даярлау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапа бақылау және қолжетімділік хаттамалары) енгізу тапсырылды. Бұл пункт тіпті, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарына енгізілді. Ол «Дәрі-дәрмектерді көтерме және бөлшек сату ережелерін бекіту туралы» бұйрыққа негізделген. Қойылатын талап ауқымды: әр емханада жеке кабинетте сатып алушыларға кеңес беріп, оларға медициналық қызмет көрсететін дәрігер отыруы тиіс, провизордың жоғары білімі болуы тиіс. Дәріхананың өзінде құжаттаманы сақтау үшін орынжай, келушілерге арналған дәретхана, су құбыры, климат-бақылау жүйесі және т.б. болуы тиіс. Бұдан басқа, провизор  қомақты ақша тұратын арнайы білім алуы тиіс.

Бейресми әңгімелескен кезде дәріхана иелері жақында өздеріне фармацевтикалық бақылау комиссиясы келгенін, өздерінің провизорлардың білімінен бастап, орынжайдың жарығына дейін ескерту алғандарын әңгімеледі. Олар мұндай жағдайда шағын дәріханалардың жабылып қалатындығына сенімді. Бұл нарықта тек ірі ойыншылар ғана қалады, бірақ оларға да қалған дәріханаларды жаңа стандарт бойынша жабдықтау үшін өз желілерін қысқартуға тура келеді. Олардың барлығы да тұтынушылар үшін бағаларды көтеруге тура келетіндігіне сенімді. 

Мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас провизоры Ақбота МҰСАБАЕВАДАН алдағы өзгерістерге қатысты комментарий беруді өтіндім.

- Менің білуімше, жаңа стандарттар 2020 жылдың қаңтарынан бастап енгізілетін болады. Бірақ көп дайындық керек, сондықтан дәріханалар бұл жұмыстарды қазір бастап кетті. Әлемдік стандарттарға сай келу үшін оларға өз орынжайларын жаңартуға тура келеді. Бұған жағдайы келетіндер өз желілерін қайта құрады, қалғандары жабылады. Бағалар да көтерілетін шығар, - деді А.Мұсабаева.

Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы рецептілер жазуды автоматтандырумен айналысуда. Яғни, дәріханалар емханалармен байланыста өз келушілері туралы дерекқорды пайдаланады. 

- Бұл жүйе халықтың денсаулыққа едәуір зиян келтіріп, кей кездері өліммен аяқталатын өзін-өзі емдеумен айналысуларын доғару үшін жасалған. Бүкіл әлемде рецепт алу үшін мамандарға барады, тек дәріханадан ғана кеңес алып, өзіне препараттар тағайындамайды, – дейді дәрігерлер. Алайда қандай препараттарды рецептісіз сатуға тыйым салынады және заң бұзушыларды не күтіп тұр деген сұрақтың жауабын облыстық денсаулық сақтау басқармасы әзірге білмейді.

Есесіне медиктер енді өз пациенттерімен тығыз байланысты болатынын айтты. Рас, WhatsApp-смс арқылы бір тарапты байланыс болады. Мұндай хабарландыру жүйесі №7 емханада енгізілген, енді басқаларының кезегі. Смс-хабарлама арқылы емхана өз пациенттеріне медицина саласындағы жаңалықтар туралы хабарлайды, әсіресе, медициналық сақтандыру саласы бойынша. Дәрігерлер, мәселен, белгілі бір топтарға скринингтен өту керектігін, сәбиді дәрігер қабылдауына немесе вакцина егуге әкелу керектігі жөнінде еске салады.

Брифингте бүгінгі күні өзекті болып отырған медициналық сақтандыру тақырыбы туралы да айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол САҒЫНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, біздің өңірімізде ол жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Облыстағы 3750 жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін медициналық сақтандыру қорына 29 млн 700 мың теңге аударған. Мен оқырмандарымыздан әлденеше рет естіген сұрағымды қойдым: егер жалдамалы жұмысшының өзінің бірнеше жеке кәсібі болса ше? Ол үшін жарналар бірнеше көзден аударыла ма?

- Еш уақытта. Егер жұмыс беруші өз жұмысшысы үшін жарна аударатын болса, онда бұл жұмысшы жеке кәсіпкер ретінде төлемейді. Оның мәртебесі анықталып, жарналар аударылып тұрса, қос төлем болмауы тиіс, - деп сендірді А.Сағынғалиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

13 тамыз 2017, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.