Ереуіл салдарынан жолаушылар ұзын-сонар кезекке тұрып, әбден әбігерге түскендерін айтады.
Әуежай жұмысшылары өткен аптада ғана осындай наразылық шарасын ұйымдастырған болатын. Олар жалақыларын көтеріп, еңбек ету шарттарын жақсартуды талап етіп отыр. Сондай-ақ әуе айлағының басшылығынан қосымша 50 қызметкерді жұмысқа алуын сұрайды. Ереуілшілердің айтуларынша, адам тапшылығы кесірінен кейбіреулері тәулігіне 16 сағатқа дейін жұмыс істеуге мәжбүр. Қазір жанжалды реттеу үшін келіссөздер жүріп жатыр. Егер тараптар бір мәмілеге келе алмаса, ашынған жұрт 14 тамызда 24 сағаттық ереуілге шығатындарын айтты.
Дереккөз: 24.kz