АҚШ президенті Америка Құрама Штаттарының Венесуэлаға қатысты әскери күш қолдана алатыны туралы мәлімдеп, кейін Николас Мадуромен сөйлесуден бас тартты.
Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Венесуэладағы ахуалды әскери күшпен шешуге болатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Венесуэлада сайлаудан кейін ресми билік өкілдері мен оппозиция арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен.
"Венесуэлаға қатысты бірнеше шешіміміз бар… Венесуэла алыс емес, ондағы адамдар азап тартып, қырылып жатыр, Венесуэлада біраз шара қолдануға болады, қажет болса, әскери шешімге де келеміз", — деп мәлімдеді Трамп.
Оның айтуынша, АҚШ Венесуэлада әскери операция жүргізе алады.
Бұдан кейін Венесуэла президенті Николас Мадуро Трамппен телефон арқылы сөйлескісі келген, алайда АҚШ мемлекет басшысы әріптесімен елде демократия орнаған соң бір-ақ сөйлесетінін айтты.
Дереккөз:/sputniknews.kz