Атырау, 28 қараша 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қытай: АҚШ кемесі теңіздегі шекарамызды бұзды

1 737 просмотра

Қытай сыртқы істер министрлігі америкалық эсминецтің Оңтүстік Қытай теңізіндегі Пекиннің бақылауындағы аймаққа енгеніне "қатты ренжігенін" мәлімдеді.

АҚШ әскерилерінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, АҚШ әскери-теңіз күштерінің эсминеці Спратли архипелагына жақын маңдағы қолдан жасалған Мисчиф рифін жағалай жүзген. Бұл ауданға Қытай мен оған көрші бірнеше ел таласып отыр.

2016 жылы маусымда Пекин Гаагадағы аралық соттың шешімін қабылдаудан бас тартқан. Халықаралық сот Оңтүстік-Қытай теңізіне Қытайдың тарихи таласы жоқ деп шешкен еді. Пекиннің бұл аймаққа таласын Вьетнам, Филиппин, Малайзия мен Индонезия да мойындамайды.

АҚШ болса теңізде еркін жүзуге кедергі келтірмеуді қалайды.

Дереккөз: azattyq.org


11 тамыз 2017, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.