Трамп Ресейдегі дипломатия миссияның қызметкерлерін қысқартқаны үшін РФ президенті Владимир Путинге алғыс айтты, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
«Осылайша біз көп қаржы үнемдейміз», - деді Трамп Нью-Джерсидегі гольф-клубте журналистерге.
«Мен оған рақмет айтқым келеді. Себебі, біз қызметкерлерге жұмсалатын шығынды қысқартуды ойлағанбыз. Ризашылығымды білдіремін. Ол көп адамды жұмыстан босатты. Енді бізде шығын азайды», - деді Трамп Ресейдегі дипломатиялық дауға қатысты.
Айта кетейік, шілдеде Владимир Путин Ресейдегі АҚШ елшілігіндегі қызметкерлердің санын қысқартуға шешім қабылдаған. Оған АҚШ-тың Ресейге қарсы қабылдаған жаңа санкциялары себеп. Салдарынан Ресейдегі АҚШ елшілігіндегі қызметкер саны 755-ке қысқарды.
Дереккөз: baq.kz